Президент Нұр-Сұлтан мен Алматы әкімдеріне биік үйлерді тығыз салуды тоқтатуды тапсырды
Коллаж из фото из открытых источников
Мемлекет басшысы әлеуметтік инфрақұрылым, саябақтар мен балаларға арналған спорт алаңдарын салуға баса мән беру қажет деп санайды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Мемлекет басшысы Президент Нұр-Сұлтан мен Алматы әкімдеріне тұрғын үй кешендері жанынан биік үйлерді тығыз салуды тоқтатуды тапсырды, деп хабарлайды Almaty.tv.
«Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Нұр-Сұлтан мен Алматының әкімдеріне қала тұрғындарының өтінішіне құлақ асып, тұрғын үй кешендерінің жанынан биік үйлерді тығыз салуды тоқтатуға тапсырма берді.
Мемлекет басшысы әлеуметтік инфрақұрылым, саябақтар мен балаларға арналған спорт алаңдарын салуға баса мән беру қажет деп санайды», - деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Жақындарыңызға қамқор болыңыз: 24 қазанға арналған жұлдыз жорамал
24.10.2026 09:46
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
24.10.2026 09:10
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
24.10.2026 12:30
Суық тигенде қандай қателіктерге жол бермеу керек
24.10.2026 14:36