|
10.06.2019 | 15:39
6050

Түркиядағы Қазақстан азаматтары Президенттік сайлауға белсене қатысты

Барлығы 400-ге жуық азамат дауыс берген

Түркиядағы Қазақстан азаматтары Президенттік сайлауға белсене қатысты

Түркияның Стамбұл қаласында жүрген жерлестеріміз кезектен тыс Президент сайлауына қатысып, өз дауыстарын берді деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Таңнан таңдау жасауға ағылған қазақстандықтар Стамбұлдағы еліміздің Бас консулдығына жиналып, сол маңды жергілікті халықпен бірге мерекеге айналдырды. Айта кету керек, кеше Қазақстан президентін сайлау үшін әлемнің 51 елінде 64 сайлау учаскесі жұмыс істеген болатын. Онда шетелде жүрген қазақстандықтар барып, өз дауыстарын берген.

Түркияға қыдырып келген Әбиевтер отбасы әуежайға түсе сала консулдыққа келгендерін айтып отыр. Олар осынау маңызды додада өз таңдауларын жасауға асыққан.

«Бұл елге отбасымызбен демалуға келдік. Ұшақтан түсе сала дауыс беру үшін консулдыққа ат басын бұрдық. Өйткені, бұл біздің азаматтық парызымыз», - дейді Әбдірахман ӘБИЕВ.

Әбиевтер отбасына Қазақстанның Бас консулдығы алғыс айтып, сый-сыяпат жасады. Жалпы, Анадолы асып, оқу, білім іздеген қазақ жастары көп бұл елде. Күні бойы 400-ден астам азамат алыста жүрсе де сайлауға қатысу үшін кезекке тұрып, сап түзеді.

- Осы Стамбұлда Йылдыз техникалық университетінің 4-курс студентімін. Алғаш рет ҚР Президентінің сайлауына келіп тұрмын. Өзімнің азаматтық құқығымды қолдана отырып, елімнің болашағына үлесімді қосуға келдім.  

- Сайлауда дауыс беруге, елдің болашағына үлес қосуға әрбір азамат міндетті деп есептеймін. Сондықтан, бүгін осы жерге келіп түрмын.

- Мен Анкарада 90 күн оқып, бүгін Қазақстанға қайтып барам. Президенттік сайлауда дауыс беруге мүмкіндік туғандықтан оны құр жіберуге болмайды деп шештім, - дейді Түркияда оқып жүрген қазақ жастары.

Стамбулға күн сайын келіп-кететін отандастарымызды айтпағанның өзінде, көне қалада екі мыңнан астам қазақ студенті  білім алып жатыр. Көбі жазғы демалысқа кеткендіктен, дауыс берушілердің арасында туристердің саны басым болды.

«Жергілікті уақытпен таңғы жетіден бастап №255 сайлау учаскесі жұмысын бастады. Сайлаушылар белсенді. Бұл жаққа студенттер, туристер, бизнесмендер келді. Болашақ Президентімізді таңдауға үлестерін қосты. Белсенділікті жоғары болды», - дейді Қазақстанның Стамбұлдағы бас консулы Бауыржан  ӘБДІРАХМАНОВ.

Ал, Измир, Бурса қалаларындағы қазақстандықтар жылжымалы сайлау жәшіктері арқылы алыстан үн қосты. , кешегі күні  жер шарын шарлап жүрген 15 мыңға жуық отандасымыз өз таңдауларын жасады.

Әмірболат Құсайыұлы, Мұрат Тайжанов «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир