А. Мамин қыркүйекке дейін ауруханаларды өкпені жасанды желдету аппаратымен қамтамасыз етуді тапсырды

primeminister.kz
primeminister.kz
Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой республикалық бюджеттен тағы қаржы бөлуді сұрады
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстандық ветеринарлар коронавирустық ПТР-тесттілеуге тартылатын болады. Бұл COVID-19-ға тексеру қуаттылығын арттырып, зертханалық талдаулар тапшылығын жабу мақсатында қолға алынып отыр. Үкімет отырысында осылай деп мәлімдеген еліміздің Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой республикалық бюджеттен тағы қаржы бөлуді сұрады, деп хабарлайды Almaty.tv.

 Сондай-ақ, министр ауылдық елдімекендерде коронавирустық инфекциямен күрес жұмыстарын жүргізу үшін қандай шаралар жасалып жатқанын айтты.  

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Үкімет отырысында республикалық бюджеттен қосымша 42 миллиард теңге бөлуді сұрады. Бұл қаржы жыл соңына дейінгі эпидемиологиялық жағдайды болжап, ПТР-зертханалардың қуаттылығын арттыру үшін керек дейді.  

«170 миллион теңге ветеринарлық зертханалардың 67 маманына зерттеу жүргізгені үшін төлеуге бағытталады. Ауыл шаруашылығы министрлігінің зертханаларын тарту арқылы зерттеу қуаттылығын 1 тамызға дейін тәулігіне 35,6 мыңға дейін ұлғайту көзделген. Бұдан соң денсаулық сақтау зертханаларын жете жарақтандырудың арқасында 1 қыркүйекке дейін тәулігіне 64 мыңға дейін ПТР зерттеу жүргізуге болады», – деді ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой.    

Министр індетпен күрес уақытында ауылдарға қандай көмек көрсетілетінін де тілге тиек етті. Мәселен, коронавирус инфекциясын жұқтырып, пневмониямен ауыратын науқастарға медициналық көмек көрсету үшін 2,5 мың жұқпалы және 11 мың уақытша төсек орны қойылған. Амбулаториялық көмек көрсету үшін ауылдарда 1493 мобильді топ құрылып отыр. 641 жедел жәрдем көлігі бар. Ал аудандық ауруханалар үшін 53 рентген аппараты сатып алынбақ. Премьер-министр Асқар Мамин тамыз айының соңына дейін аурухананың бәрін өкпені жасанды желдету аппараттарымен қамтамасыз етуді бірнеше министрлікпен жергілікті әкімдіктерге жүктеді.  

«Ауыл шаруашылығы министрлігімен бірге шілденің соңына дейін өңірлерде ветеринарлық зертханалар базасында коронавирусқа тестілеу жөніндегі жұмысты ұйымдастырсын және кадрлармен жасақтасын. Екіншіден, Денсаулық сақтау министрлігі әкімдіктермен және Ауыл шаруашылығы министрлігімен шілденің соңына дейін өңірлерде ветеринарлық зертханалар базасында коронавирусты анықтайтын тестілеу жұмыстарын ұйымдастырсын және кадрлармен жасақтасын», – деді  ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин.

Бұдан бөлек, үкімет басшысы Индустрия, Денсаулық сақтау және Қаржы министрліктеріне шұғыл түрде өңірлерде көшпелі диагностика кешендерімен, аудандық ауруханаларды цифрлық рентген аппараттарымен қамтамасыз етуді тапсырды. Денсаулық сақтау министрлігі әкімдіктермен бірге екі аптаның ішінде оттегі концентраторлар және медициналық газдарды өңірлерге толық көлемде жеткізуді ұйымдастыруды жүктеді. Ал «СҚ Фармация» осы айдың соңына дейін дәрі-дәрмек сатып алып, қосымша бір айға жететін көлемде өңірлерге бөліп, дәрі-дәрмек жоспарлаудың нақты жүйесін анықтауын қадап тапсырды.

Салтанат Нысанбек, Нұрлан Өтеген, «Алматы» арнасы, Нұр-Сұлтан

Новости партнеров