Конституция – құқығымыздың кепілі

gas-kvas.com
gas-kvas.com
Ата заң 1995 жылы Жалпыхалықтық референдумда қабылданды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Ата Заңның арқасында еліміздің мемлекеттік тұғыры нығайып, басқару тетігі бір жүйеге келді». Бұл – Алматы қалалық қоғамдық кеңесінің төрағасы Алтынай Көбееваның пікірі, деп хабарлайды Almaty.tv.

Сондай-ақ мәслихат депутаты «азаттықтың айғағы болған Конституцияның мүмкіндігін барынша пайдалану қажет» деп кеңес берді.

– 1995 жылы Жалпыхалықтық референдумда дауыс бердік. Былтыр да Конституцияға өзгеріс енгізуге атсалыстық. Ата Заң халық пен мемлекет арасындағы коммуникативтік күшке айналды. «Конституция – құқығымыздың кепілі» деп сеніммен айта аламын, – деді қоғамдық кеңестің төрағасы Алтынай Көбеева.

Құқықтық мемлекет орнатып, әлемнің өркениетті елдерімен қарым-қатынас қалыптастыру – Ата заңның аясында атқарылып жатқан жұмыс. Елімізде жүргізіліп жатқан ірі реформаларға қатысты саясаттану ғылымдарының докторы Мадина Ақсақалова ойын жеткізді.

– Менің ойымша, Ата заңға 6 мәрте енгізілген өзгерістің бәрі айтарлықтай серпін әкелді. Елімізде татулық мен ынтымақтастық қалыптасты, – деді саясаттану ғылымдарының докторы Мадина Ақсақалова.  

Оқи отырыңыз: Конституция – еліміздің негізгі заңы: Алматыда ғалымдар бас қосты







Новости партнеров