ОСК төрағасы алматылықтармен кездесті

Almaty.tv
Almaty.tv
Жиында сайлауды өткізуді оңтайландыру жолдары қарастырылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

«Елімізде сайлау ережесіне сай әділ өтуі тиіс». Бүгін Орталық сайлау комиссиясының төрағасы Нұрлан Әбдіров Алматы қаласының қоғам белсенділерімен, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерімен, мәслихат депутаттарымен және тәуелсіз бақылаушылармен кездесті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

 Жиында сайлауды өткізуді оңтайландыру жолдары қарастырылды. Жыл басынан бері Нұрлан Әбдіров еліміздің 14 өңірін аралап, халықпен осындай кездесу өткізіп келеді.

«Президентіміздің маған берген тапсырмасы бойынша ел аралап, бүкіл халықпен кездестім. Ол ашық әңгіме болсын, көкейіндегі мұң-мұқтажы бар болса естіп, нақты ұсынысын тыңдайық. Сұрақтарына жауап беріп, заң жүйесінде тиісті өзгертулер қажет болған жағдайда оны да ойластырайық деді», – деді ОСК-ның төрағасы Нұрлан Әбдіров.

Жастар пікірі де назардан тыс қалған жоқ. Алматылық студенттермен кездескен ОСК төрағасы сайлауды цифрландыру, саяси реформаларды жүзеге асыру сынды мәселелерді ортаға салды.

«Нұрлан Мәжітұлының айтып отырғаны да – халықты есту, тыңдау. Қандай жұмыста өзгерістер енгізуіміз керек. Ертең заңнама қабылданады, сол кезде не кіргізу керек? Сайлау халық үшін ғой. Ел үшін. Сондықтан мұндай кездесулердің пайдасы зор», – деді қоғамдық кеңес төрағасы Рахман Алшанов.

Новости партнеров