Алматыда Nur Otan партиясының белсенді қызмет еткен бастауыш ұйымдары марапатталды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Олардың қатарында елде төтенше жағдай кезінде білім, медицина, кәсіпкерлер сынды сан салада қажырлы еңбек еткен ұйымның жетекшілері бар. Партияның қалалық филиалы төрағасының орынбасары Станислав Конкуров оларға марапат хат табыстап, Елбасы атынан алғыс айтты. Сонымен қатар, партия қатарына жаңадан қабылданған азаматарға салтанатты түрде Nur Otan партиясының билеттері табысталды.
«Алматы қаласында 58 мың Nur Otan партиясы мүшелері бар. 750 бастауыш партия ұйымдары бар. Бүгін Тұңғыш Президент мерекесі қарсаңында ең үздік белсенділерді марапаттадық. Тәуелсіз Қазақстанның іргесін қалап, шекарасын шегендеп, болашаққа бағыт-бағдар беруде Тұңғыш Президенттің халық алдындағы еңбегі ұшан теңіз», – деді Nur Otan партиясы қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Станислав Канкуров.
«Бұл партияға мүшелік болу біз үшін үлкен абырой. Бірақ ол – үлкен жауапкершілік. Қазақта жақсы сөз бар ғой, мен елімнен не алам емес, не берем деген ой болуы керек. Әр азаматта осындай ой болса, біз әлі де үлкен жетістіктерге жетеміз», – деді кинорежиссер Мерей Маханов.