Қазақстанда сайлау комиссияларының мүшелерін тестілеу жұмыстары жүріп жатыр

Almaty.tv
Almaty.tv
Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сабила Мұстафина айтты
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қазақстанда сайлау комиссияларының мүшелерін қашықтан оқыту және тестілеу жұмыстары жүруде. Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сабила Мұстафина айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оның айтуынша, биыл электоралдық оқытудың «жол картасы» аясында Орталық сайлау комиссиясы республикалық және өңірлік деңгейлерде сайлау процесіне қатысушылар арасынан мыңнан астам адамды қамти отырып, 24 оқыту шарасын, дәрістер, семинарлар және тренингтер өткізген.

«ҚР сайлау туралы» Конституциялық заң электоралдық оқытуды ұйымдастырудың құқықтық базасы болып саналады. Сайлау комиссиялары мүшелерін жергілікті бюджет қаражатына оқытуды ұйымдастыру үшін құқықтық реттеу «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңның 27 және 31-баптарында және Бюджет кодексінің 54 және 55-баптарында көрсетілген», – деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының хатшысы Сәбила Мұстафина.

Новости партнеров