|
15.06.2020 | 22:08
1941

Алматыда «Елбасы жолымен» кітабының тұсауы кесілді

Еңбек «Назарбаев феномені» және «Білім-ғылым және «Рухани жаңғыру» институты» деп аталатын екі бөлімнен тұрады

Алматыда «Елбасы жолымен» кітабының тұсауы кесілді Дереккөз: https://www.instagram.com/elbasy_nazarbaev

Алматыда «Елбасы жолымен» кітабының тұсауы кесілді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қазақ ұлттық аграрлық университетінің 90 жылдық мерейтойына арнап шығарылған еңбек «Назарбаев феномені» және «Білім-ғылым және «Рухани жаңғыру» институты» деп аталатын екі бөлімнен тұрады. Онлайн форматында өткен шараға көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері, «Nur Otan» партиясы, жоғары оқу орындарының профессор-оқытушылар құрамы қатысты.

«Жаңа кітапта университетіміздің Елбасының тікелей қолдауымен іске асырылып отырған рухани бағыттағы өнегелі жобалары жан-жақты көрсетіледі. Кітапта Елбасы идеяларын іске асыра отырып, университет ұжымының еңбегін көрсететін мақалалар мен фотосуреттер жарияланған», – деді ҚАЗҰАУ ректоры Тілектес Есполов.

Кітаптың бірінші бөлімінде Ұлт көшбасшысының Тәуелсіздік бастауынан бүгінгі аралыққа дейінгі қажырлы еңбегі баяндалса, екінші бөлімде Елбасының тікелей қолдауымен іске асырылған ауқымды жобалар баяндалған.

«Елбасымыздың тәуелсіздікті баянды етуге қажырлы еңбегі мен игі бастамалары жан-жақты өте жақсы көрсетіліп баяндалған. Елбасының еңбек жолы – нағыз өнеге мектебі», – деді «ҚР Тұңғыш президенті - Елбасы кітапханасының» директоры Әмірхан Рахымжанов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир