Сирия бойынша келіссөздер тамыз айының басында Нұр-Сұлтанда өтеді

Сирия бойынша келіссөздер тамыз айының басында Нұр-Сұлтанда өтеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз

1-2 тамызда Нұр-Сұлтан қаласында Сирия бойынша астаналық форматта кездесу өтеді, деп хабарлайды РИА Новости.

Сирия бойынша астаналық форматтағы кездесу осы жылдың 1 және 2 тамызында өтеді, деп хабарлады Ресей сыртқы істер министрінің орынбасары, Таяу Шығыс және Африка елдері бойынша президенттің арнайы өкілі Михаил Богданов.

«Кездесудің күні анықталды және осы кездесуге қатыса алатын барлық мүдделі тараппен келісімге қол жеткізілді. Бұл кездесу 1-2 маусымда Нұр-Сұлтанда өтеді», - дейді Богданов.

Сонымен қатар, ол Сирия бойынша Ресей, Түркия және Иран саммиті тамыз айының басына жоспарланған Нұр-Сұлтандағы астаналық форматтағы кездесуден кейін өтуі мүмкін екенін мәлімдеді.

«Тамыз айының басында Нұр-Сұлтанда астаналық форматта Сирия мәселесі бойынша кезекті, он екінші халықаралық кездесу болады. Жаңалық бар, себебі Ливан мен Ирак өкілдері алғаш рет бақылаушы ретінде қатысады», - дейді Богданов.

Оның айтуынша, Ресей, Түркия және Иранның Сирия жөніндегі үшжақты саммиті Түркия қатысатын Нұр-Сұлтандағы кездесуден кейін өтеді.  

Новости партнеров