«СҚ-Фармация» ЖШС Басқарма Төрағасы Берік Шәріп және «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Басқарма төрағасы Айбатыр Жұмағұлов берілген өтініштер негізінде қызметінен босатылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Айбатыр Жұмағұлов 2019 жылдың наурызында «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғамының басқарма төрағасы болып сайланған еді. Әр жылдары ҚР Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінде, «Бәйтерек» ҰБХ АҚ-да жұмыс істеді, Baur Kazakhstan компаниялар тобының директорлар Кеңесінде болды. «Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Басқарма төрағасы болды. 2017 жылғы қаңтардан бастап Жұмағұлов ұлттық экономика вице-министрі болып жұмыс істеді.
Берік Шәріп «СК-Фармация» басқармасының төрағасы қызметіне биылғы 21 сәуірде келген.
Берік Шәріп 1981 жылы Алматыда дүниеге келген.
Әр жылдары денсаулық сақтау құрылымында түрлі позицияларда жұмыс істеді.
2005-2008 жылдары Астана және Оңтүстік Қазақстан облысының Денсаулық сақтау департаменттерінде әртүрлі позицияларды атқарды.
2008-2009 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының медициналық орталығында басқарманың сарапшысы, бас сарапшысы.
2009-2012 жылдары - Департаменттің бас заңгері, Департаменттің бас менеджері, бөлім бастығы, «СҚ-Фармация» ЖШС Басқарушы директоры.
2012 жылдан бастап 2017 жылға дейін «Президент Іс басқармасы Медициналық орталығының ауруханасы» РМК бас дәрігерінің орынбасары және стратегиялық даму жөніндегі директордың орынбасары.
2017-2018 жылдары денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық денсаулық сақтау комитеті төрағасының орынбасары, орынбасары.
2018 жылғы мамырдан бастап «СҚ Фармация» ЖШС басқарма төрағасының орынбасары - Басқарма төрағасының міндетін атқарушы.
Еске сала кетсек, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген бүгінгі отырысында МӘМС қоры мен «СҚ Фармация» басшыларын жұмыстан шығаруды тапсырған болатын.