Мемлекет басшысы Вице-Президент Ерлан Қаринді қабылдады

31.08.2026 12:52

Мемлекет басшысы Вице-Президент Ерлан Қариннің алдына бірқатар нақты міндет қойды

Фото: пресс-служба Акорды

Мемлекет басшысы Вице-Президент Ерлан Қаринді қабылдады, деп хабарлайды Almaty.tv.

Қасым-Жомарт Тоқаев Вице-Президент лауазымы Қазақстан Республикасының Конституциясымен бекітілгенін және мемлекеттік басқару жүйесінде ерекше мәнге ие екенін атап өтті.
Мемлекет басшысы Вице-Президент Ерлан Қариннің алдына бірқатар нақты міндет қойды.

Атап айтқанда, Вице-Президентке Құрылтаймен, Үкіметпен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл барысында Мемлекет басшысының атынан өкілдік етіп, мемлекеттік саясаттың негізгі мәселелері бойынша ұстанымын жеткізу тапсырылды.

Оқи отырыңыз: Жаңа тағайындау: Қазақстанның вице-президенті болып кім тағайындалды

Толық көрсету