Жаңа тағайындау: Қазақстанның вице-президенті болып кім тағайындалды
Фото: instagram.com/erlankarin2019
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Мемлекет басшысының Жарлығымен Ерлан Тынымбайұлы Қарин Қазақстан Республикасының Вице-Президенті болып тағайындалды, ол бұрынғы атқарған лауазымынан босатылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Бұған дейін ол мынадай қызметтер атқарған:
- 1998–2000 жылдары — Қазақстан Даму институтының Саяси зерттеулер орталығының қызметкері, кейін Ресей және Қытай институты директорының орынбасары.
- 2000–2003 жылдары — Орталық Азия саяси зерттеулер агенттігінің директоры.
- 2003–2004 жылдары — «Асар» партиясы төрағасының бірінші орынбасары, Қазіргі заманғы саясат халықаралық институтының бас директоры.
- 2004–2006 жылдары — Терроризмге қарсы бағдарламалар орталығының басшысы.
- 2006 жылы — Маңғыстау облысы әкімінің саяси мәселелер жөніндегі кеңесшісі.
- 2008 жылы — Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі.
- 2008–2013 жылдары — «Нұр Отан» партиясының стратегиялық даму жөніндегі хатшысы.
- 2014–2017 жылдары — Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының директоры.
- 2017–2019 жылдары — «Қазақстан» РТРК басқарма төрағасы.
- 2019–2020 жылдары — Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі.
- 2020–2022 жылдары — Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі.
- 2022 жылы — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы.
- 2022 жылғы маусымнан бастап — Қазақстан Республикасының Мемлекеттік кеңесшісі.
Оқи отырыңыз: Президент Құрылтайдағы партия фракцияларының жетекшілерімен кездесті
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
22.10.2026 08:10
Алматыда 26 қазан - 1 қараша аралығында ауа райы қандай болады
22.10.2026 08:30
Алматының вайбы күзге арналған: тұрғындар қала туралы не дейді
22.10.2026 21:41
Егемендік декларациясы – тәуелсіздіктің алтын қазығы
22.10.2026 19:54
Мемлекет басшысы «Атлетико Мадрид» бас директорын қабылдады
22.10.2026 14:32