Қасым-Жомарт Тоқаев Швейцарияның жаңадан сайланған президентін құттықтады

Ақорда
Ақорда

Мемлекет басшысы Ги Пармеланның жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Швейцария халқына бақ-береке тіледі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысы Швейцария Конфедерациясының президенті болып сайлануына орай Ги Пармеланға құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Құттықтауда Ги Пармеланның көшбасшылық қасиеті мен еліне қалтқысыз қызмет еткенінің арқасында жоғары сенімге ие болып, осынау биік лауазымға қайта сайланғаны жазылған.

"Мемлекет басшысы президенттің жаңа мерзімінде халықаралық қатынастарда маңызды рөл атқаратын Швейцария дамудың даңғыл жолын жалғастыра беретініне сенім білдірді. Қасым-Жомарт Тоқаев Ги Пармеланның жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Швейцария халқына бақ-береке тіледі", — делінген хабарламада.

Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы Түрікменстан Президентімен кездесу өткізді

 

Новости партнеров