Президент екі ел көшбасшыларының Еуразия қауіпсіздігі үшін ұзақмерзімді бейбітшілікке ұмтылысын атап өтті
Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путин мен Дональд Трамптың Украина бойынша телефон арқылы келіссөзінің қорытындысын құптайды, деп хабарлайды Аlmaty.tv тілшісі мемлекет басшысының баспасөз хатшысы Руслан Желдібайға сілтеме жасап.
Президент екі елдің көшбасшылары нақты уағдаластықтар негізінде Еуразия кеңістігіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін аса маңызды ұзақмерзімді бейбітшілікке қол жеткізуге ниетті екендерін көрсетті деп санайды.
Мемлекет басшысы бұған дейін барлық державаларды Украина бойынша «Бейбітшілік формуласын» әзірлеу мақсатында келіссөздер процесін бастауға шақырып, БРИКС саммитінде Қытай мен Бразилияның бейбітшілік жоспарын қолдаған болатын.
Оқи отырыңыз: Қазақстан Еуропа Одағының Орталық Азиядағы негізгі әріптесі болып қала береді – Президент