Президент Армения басшысын Тәуелсіздік күнімен құттықтады

21.09.2024 11:49

Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянға жеделхат жолдады

 

Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянды Армения Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv Ақорадның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент өз құттықтау жеделхатында Премьер-министр Никол Пашинянның басшылығымен Армения мемлекетті дамыту, азаматтардың әл-ауқатын арттыру және елдің халықаралық аренадағы беделін нығайту ісінде толағай табысқа жеткенін атап өтті.

«Мемлекет басшысы достық пен өзара тиімді ынтымақтастыққа негізделген қазақ-армян қарым-қатынастарын жан-жақты күшейтуге бейілді екенін жеткізді», - делінген хабарламада.

Қасым-Жомарт Тоқаев Никол Пашинянның жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал Армения халқына бақ-береке тіледі.

Оқи отырыңыз: Елімізде шетелдіктерді депортациялау ережесі өзгеруі мүмкін