Қазақстан мен АҚШ аса маңызды минералдар туралы меморандумға қол қойды

06.11.2025 20:57

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады

Ақорда

Қазақстан мен АҚШ аса маңызды минералдар саласында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен хабарлады. 

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан Республикасы және Америка Құрама Штаттары арасында аса маңызды минералдар саласы бойынша ынтымақтастық жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды", - делінген хабарламада.

Құжатқа ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрі Ерсайын Нағаспаев пен АҚШ Сауда министрі Говард Латник қол қойды.

Оқи отырыңыз: Президент АҚШ Мемлекеттік хатшысымен және Дональд Трамп Әкімшілігінің өкілдерімен кездесті