Саммит кезінде Моңғолия Президенті Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ құрамында Халықаралық су ұйымын құру ұсынысын қолдайтынын атап өтті
Халықаралық су ұйымын құру жөніндегі халықаралық консультациялардың бірінші кезеңі өтеді. Бұл туралы елордадағы Өңірлік экологиялық саммитте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv Ақорданың бааспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Өңірлік деңгейдегі бастамалардан бөлек, біз су ресурстары саласында жаһандық ықпалдастықты кеңейтуге басымдық береміз. Былтыр желтоқсан айында Ашхабадта БҰҰ агенттігі ретінде қызмет ететін Халықаралық су ұйымын құру жөнінде ұсыныс жасадым. Аталған бастама өте өзекті. Өйткені қазіргі кезде БҰҰ жаһандық басқарудың бірізділігі мен тиімділігін арттыру үшін мыңдаған мандатты қайта саралап жатыр. Бүгінгі саммит аясында бұл ұсынысқа қатысты халықаралық консультациялардың бірінші кезеңі өтетініне қуаныштымын", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Айта кетейік, саммит кезінде Моңғолия Президенті Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ құрамында Халықаралық су ұйымын құру ұсынысын қолдайтынын атап өтті.
Оқи отырыңыз: Мемлекет басшысы мүдделі халықаралық тараптарды Каспий теңізін сақтау жолында күш-жігер біріктіруге шақырды