«Таза Қазақстан» қозғалысына миллиондаған ерікті қосылды – Мемлекет басшысы

Almaty.tv
Almaty.tv

Президент Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен биыл Халықаралық еріктілер жылы деп жарияланғанын еске салды

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жаңа Ата заңда волонтерлік қызметке айрықша мән берілді. Бұл туралы елордадағы Өңірлік экологиялық саммитте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті, деп хабарлайды Almaty.tv Ақорданың бааспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Біз «Таза Қазақстан» жалпыұлттық қозғалысына бастамашы болдық. Халықтық сипат алған науқанның мақсаты – экологиялық сана қалыптастыру, азаматтық жауапкершілікті арттыру. Қозғалысқа миллиондаған ерікті қосылды. Менің ойымша, олар – Қазақстанның нағыз патриоттары. Өйткені дәл осылай еңбек етіп, ортақ мүддеге үлес қосу – елінің келешегін ойлайтын азаматтардың ғана қолынан келетін ізгі іс", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент Біріккен Ұлттар Ұйымының шешімімен биыл Халықаралық еріктілер жылы деп жарияланғанын еске салды.

"Тұрақты даму мүддесіне сай келетін бұл бастаманы толық қолдаймыз. Еліміздің жаңа Ата заңында волонтерлік қызметке айрықша мән беріліп, оларға мемлекет тарапынан қолдау көрсетілетіні нақты жазылған. Биыл – Қазақстанда Цифрландыру және жасанды интеллект жылы. Жасанды интеллект көмегінсіз экологиялық мәселелерді оңтайлы шешу мүмкін емес екені анық. Аталған технология табиғи ресурстарды қорғау, экологиялық басқаруды жетілдіру ісінде мол мүмкіндікке жол ашады. Сондықтан біз Аймақтық цифрлық экожүйе құру бастамасын қолдауға әзірміз", - деді Мемлекет басшысы.

Оқи отырыңыз: Халықаралық су ұйымын құру бастамасы өте өзекті – Президент

Новости партнеров