Мемлекет басшысы Польша Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Ақорда
Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Кароль Навроцкийдің аса жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Польша халқына құт-береке тіледі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және өзінің атынан Кароль Навроцкийді Польша Республикасының ұлттық мерекесі – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Қазақстан Польшаны Еуропа Одағы мен Шығыс Еуропадағы маңызды серіктесі деп білетінін және екі ел арасындағы ынтымақтастықтың аясы қарқынды түрде кеңейіп келе жатқанын жоғары бағалайтынын жазған. Сонымен қатар бірлескен күш-жігердің арқасында өзара тиімді байланыс келешекте де жетістіктерге толы болатынына сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Кароль Навроцкийдің аса жауапты қызметіне толайым табыс, ал достас Польша халқына құт-береке тіледі. 

Оқи отырыңыз: Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан бастап Ресеймен достық қатынасты дамытуға мән берді — Президент

 

Новости партнеров