Мемлекет басшысы Сьерра-Леоне президентінің арнаулы өкілін қабылдады

28.08.2025 15:36

Президент Қазақстанның Африка елдерімен ықпалдастықты кеңейтуге айрықша мән беретінін атап өтті

Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Сьерра-Леоне Президентінің арнаулы өкілі – Сыртқы істер министрі Тимоти Муса Кабба екі ел ынтымақтастығының перспективасын талқылады, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Президент Қазақстанның Африка елдерімен ықпалдастықты кеңейтуге айрықша мән беретінін атап өтті.

Тимоти Муса Кабба арнайы қабылдағаны үшін Мемлекет басшысына алғыс айтып, Сьерра-Леоне Президенті Джулиус Мааданың сәлемін жеткізді.

Әңгімелесу барысында екіжақты қатынастарды дамыту, түрлі саладағы ынтымақтастықты тереңдету мәселелері қарастырылды.

Оқи отырыңыз: Қазақстан әуежайларында қол жүгін тексерудің жаңа тәртібі енгізілді