Мемлекет басшысы Шри-Ланка Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады
Акорда
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қасым-Жомарт Тоқаев Анура Кумара Диссанаяке мен оның отандастарын ұлттық мейрамы – Тәуелсіздік күнімен құттықтады, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент жеделхатында Шри-Ланканың орнықты даму және халықаралық беделін нығайту жолында айтарлықтай табысқа қол жеткізгенін атап өтті.
– Қазақстан Шри-Ланкамен қарым-қатынасты одан әрі тереңдетуге баса мән береді. Елдеріміз арасындағы дәстүрлі достық пен берік ынтымақтастық болашақта да халықтарымыздың игілігі үшін дами түсетініне кәміл сенемін, – делінген жеделхатта.
Қасым-Жомарт Тоқаев Анура Кумара Диссанаякенің жауапты қызметіне толағай табыс, ал Шри-Ланка халқына құт-береке тіледі.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
29.10.2026 08:10
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
30.10.2026 08:10
Адам жанына жайлы қала: Алматы қалай көркейіп келеді
29.10.2026 18:30