Бүгін Қасым-Жомарт Тоқаев пен Си Цзиньпин келіссөз жүргізеді
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммитіне қатысу үшін Тяньцзинь қаласына барды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
«Бүгін «Инбингуань» мемлекеттік резиденциясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Қытай Халық Республикасының Төрағасы Си Цзиньпин келіссөз жүргізеді», - делінген хабарламада.
Мемлекеттер басшылары қазақ-қытай жан-жақты әрі мәңгі стратегиялық серіктестігін нығайту перспективасын талқылайды.
Оқи отырыңыз: Президент: Қазақстан-Қытай ынтымақтастығы – табысты серіктестіктің кепілі