Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады
Мемлекет басшысы Сингапур президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Қасым-Жомарт Тоқаев Президент Тарман Шанмугаратнамды Сингапур Республикасы тәуелсіздігінің 60 жылдық мерейтойымен құттықтады.
– Бүгінде еліңіз тұрақты өсіп-өркендеудің, тиімді басқарудың және инновациялық жаңғырудың озық үлгісін көрсетіп отыр. Осы орайда, Сіздің биік мақсаттарға жетелейтін бірегей бастамаларыңыздың табысты жүзеге асуына тілектеспін. Сингапур – Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Азиядағы сенімді серіктесі. Екі ел арасындағы ықпалдастықтың тұғыры берік, мүмкіндігі мол екенін айрықша атап өтуге болады, – деп жазылған жеделхатта.
Оқи отырыңыз: Президент: Әзербайжан мен Армения елдері арасында қол қойылған келісім – тарихи жетістік