Мемлекет басшысы Дания короліне құттықтау жеделхатын жолдады

Ақорда
Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев достас Дания халқына бақ-береке тіледі

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысы Дания короліне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Король X Фредерикті Дания корольдігінің ұлттық мерекесі – Конституция күнімен құттықтады.

Қазақстан Президенті аталған мереке Дания халқы үшін демократиялық құндылықтардың, қоғамдық келісімнің және орнықты дамудың символы ретінде ерекше маңызға ие екенін атап өтті.

Мемлекет басшысы достық пен өзара қолдау рухындағы қазақ-дат байланыстары одан әрі нығая беретініне сенім білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев Король X Фредериктің жауапты мемлекеттік қызметіне толайым табыс, ал достас Дания халқына бақ-береке тіледі.

Оқи отырыңыз: Полиция велосипедпен жүргенде қауіпсіздік талаптарын сақтауға шақырады

Новости партнеров