Мемлекет басшысы Швеция королін Ұлттық күнмен құттықтады

06.06.2026 10:16

Қасым-Жомарт Тоқаев XVI Карл Густавқа және достас швед халқына құт-береке тіледі

Ақорда

Мемлекет басшысы Швеция королі XVI Карл Густавты Ұлттық күнмен құттықтады, деп хабарлайды Almaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев хатта аталған елдің орнықты даму, инновацияларды енгізу және халықаралық ынтымақтастықты кеңейту бағыттарында тамаша табысқа қол жеткізгенін атап өткен.

Сондай-ақ Президент жоғары деңгейдегі Қазақстан-Швеция қарым-қатынасы қос халықтың игілігі жолында алдағы уақытта да нығая беретініне сенім білдірді.

Мемлекет басшысы Швеция Королі XVI Карл Густавқа және достас швед халқына құт-береке тіледі.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда мәдениет және өнер саласын қолдау шаралары қалай жүзеге асып жатыр