Президент Қатар әміріне құттықтау жеделхатын жолдады
Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Қатар халқына құт-береке тіледі
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәниді және оның отандастарын Қатар Мемлекетінің ұлттық мерекесімен құттықтады, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Президент жеделхатында Қазақстан Қатарды араб әлеміндегі сенімді әрі басты серіктесі ретінде қарастыратынын жеткізіп, сындарлы және мазмұнды қарым-қатынастың жоғары қарқынмен нығайып келе жатқанын атап өткен.
Сондай-ақ екіжақты байланыстың ілгерілеуіне Қатар Әмірінің қосқан үлесін ерекше бағалайтынын мәлімдеген. Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Тәмим бен Хамад Әл Тәнидің жауапты қызметіне толағай табыс, ал Қатар халқына құт-береке тіледі.
Оқи отырыңыз: Президент Жапонияның премьер-министрімен келіссөз жүргізді
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
17.10.2026 12:27
Дәрігер қатерлі ісік тудыруы мүмкін өнімді атады
18.10.2026 11:40
Ішкі түйсігіңізге сеніңіз: 17 қазанға арналған жұлдыз жорамал
17.10.2026 10:23
Алматыда 19-25 қазан аралығында ауа райы қандай болады
18.10.2026 11:00
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
17.10.2026 16:17