Президент Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы елшісін қабылдады

Ақорда
Ақорда

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысы Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы жаңадан тағайындалған елшісі Әбілқайыр Сқақовты қабылдады, деп хабарлайды Аlmaty.tv.

Әңгімелесу барысында Президент бауырлас Қырғызстанмен достықты, тату көршілікті, стратегиялық серіктестік пен одақтастықты одан әрі нығайтудың маңызын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев Әбілқайыр Сқақовқа екі ел арасында көлік-транзит, энергетика, су, ауыл шаруашылығы және цифрландыру салаларындағы сан қырлы ынтымақтастықты дамыту бойынша бірқатар тапсырма берді.

Сонымен қатар мәдени-гуманитарлық байланысты жандандыруға баса назар аударылды.

Оқи отырыңыз: Президент Қазақстан Халық Кеңесінің мемлекеттік органдармен ықпалдастығын күшейтуді тапсырды.

Оқи отырыңыз: Президент Қазақстан Халық Кеңесінің мемлекеттік органдармен ықпалдастығын күшейтуді тапсырды