Президент Қазақстан Республикасының бірнеше елдегі елшілерін тағайындады
Ақорда
Сондай-ақ бірқатар елші қызметінен босатылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Республикасының бірнеше елдегі елшілерін тағайындады, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
- Тимур Владимирұлы Пірімбетов Қазақстан Республикасының Қасиетті Тақ жанындағы төтенше және өкілетті елшісі, Қазақстан Республикасының Иерусалим, Родос және Мальта Қасиетті Иоаннының Егеменді әскери госпитальерлер орденінің жанындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;
- Алмұрат Асылмұратұлы Тұрғанбеков Қазақстан Республикасының Мексика Құрама Штаттарындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;
- Жанна Ниязбекқызы Сағынова Қазақстан Республикасының Словак Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;
- Әнуарбек Серікұлы Ахметов Қазақстан Республикасының Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.
Ақорда сондай-ақ бірнеше елшінің қызметінен босатылғанын хабарлады:
- Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Асаниязұлы Саржанов Қазақстан Республикасының Ватикан Мемлекетіндегі және Иерусалим, Родос және Мальта Қасиетті Иоаннының Егеменді әскери госпитальерлер орденінің жанындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымдарынан босатылды;
- Төлежан Тұрсынұлы Барлыбаев Қазақстан Республикасының Словак Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;
- Қазақстан Республикасының Мысыр Араб Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі Қайрат Қайырбекұлы Лама Шариф Қазақстан Республикасының Алжир Халық Демократиялық Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымынан босатылды.
Оқи отырыңыз: Қазақстан мен Солтүстік Македония қарым-қатынасты дамыту жөнінде уағдаласты
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
31.10.2026 14:34
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33
Суыққа аллергия деген не және одан қалай сақтануға болады
01.11.2026 10:52