Президент Лихтенштейн князьдігінің Ұлттық күнімен құттықтады

15.08.2026 11:16

Қасым-Жомарт Тоқаев Лихтенштейннің тақ мұрагеріне құттықтау жеделхатын жолдады

Ақорда

Мемлекет басшысы Лихтенштейннің Тақ мұрагеріне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Almaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қасым-Жомарт Тоқаев Тақ мұрагері Алоизді Лихтенштейн Князьдігінің Ұлттық күнімен құттықтады.

– Қазақстан Лихтенштейнмен көп жылғы достық қарым-қатынасты және өзара құрметті жоғары бағалайды. Тиімді ынтымақтастығымыз екі ел халықтарының игілігі жолында нығая беретініне сенімдімін, – деп жазылған жеделхатта.

Қасым-Жомарт Тоқаев Тақ мұрагері Алоиздің жауапты мемлекеттік қызметіне табыс, ал достас Князьдік халқына бақ-береке тіледі.

Оқи отырыңыз: Президент Үндістан премьер-министріне құттықтау жеделхатын жолдады

Толық көрсету