Президент Орталық сайлау комиссиясының жаңа мүшелерін тағайындады
Ақорда
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Жарлығы бойынша ҚР Орталық сайлау комиссиясында бірқатар ауыс-түйіс болды, деп хабарлайды Аlmaty.tv.
Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
Атап айтқанда, Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшелері:
- Сәбила Сапарқызы Мұстафина Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымынан;
- Константин Викторович Петров Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымынан босатылды.
Мемлекет басшысының Жарлығымен Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшелері болып:
- Азамат Мақсотұлы Айманакумов Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына;
- Михаил Михайлович Бортник Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының мүшесі лауазымына тағайындалды.
Оқи отырыңыз: Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трампты құттықтады
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
2026 жылғы қазанда қазақстандықтар қалай демалады
11.10.2026 11:30
Дәрігерлер күндіз қанша уақыт ұйықтау керек екенін айтты
11.10.2026 11:14
Қанттың зияны тағам түріне байланысты ма: диетологтар ескертуі
11.10.2026 17:43
Алматыда 12-18 қазан аралығында ауа райы қандай болады
11.10.2026 17:34