Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қатысқан Түркі мемлекеттері ұйымының саммиті аясында бірнеше маңызды құжатқа қол қойылды, деп хабарлайды Аlmaty.tv Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Түркі мемлекеттері ұйымының XI саммиті аясында мынадай құжаттарға қол қойылды:
- Түркі мемлекеттері ұйымы XI саммитінің декларациясы;
- «Түркі әлемінің жасыл дамуы: орнықты келешектің бірлігі» туралы шешім;
- Бішкек қаласын 2025 жылы Түркі мемлекеттері ұйымының Цифрлық астанасы деп жариялау туралы шешім;
- Мажарстан Премьер-министрі Виктор Орбанды «Түркі әлемінің ең жоғарғы орденімен» марапаттау туралы шешім;
- Түркі әлемінің хартиясын қабылдау туралы шешім;
- Түркі мемлекеттері ұйымы Бас хатшысының орынбасарларын тағайындау туралы шешім;
- «Түркі мемлекеттері ұйымының Тұрақты өкілдері жөніндегі ереже» туралы шешім;
- Түркі мемлекеттері ұйымының туы жөніндегі шешім.
Оқи отырыңыз: Түркі әлеміне ортақ ақпарат кеңістігі: Президент қандай ұсыныс айтты