Жолдау: Салық берешегі бар борышкердің банктегі есепшоты толық бұғатталмайды

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты

Жолдау: Салық берешегі бар борышкердің банктегі есепшоты толық бұғатталмайды elements.envato.com

Салық саласында әкімшілендіру ісінде жазалау тәсілінен бас тартқан абзал. Бұл туралы Қазақстан халқына Жолдауын жариялау кезінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

«Жеке табыс салығының мөлшерлемесін азаматтардың кірісіне қарай дифференциациялау қажеттігі туындап отыр. Салықтық әкімшілендіру ісінде жазалау тәсілінен де бас тартқан абзал. Мәжбүрлеу шараларын қолданбай-ақ, хабарлама жіберу арқылы өндірілетін салық берешегінің жоғарғы шегін көтеруге болады деп ойлаймын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысының сөзіне қарағанда, салық берешегі осы шектен асып кетсе, қарыз сомасы аясында ғана шектеу қойылуға тиіс.

«Яғни, борышкердің банктегі есепшоты толық бұғатталмайды. Берешек сомасы тым көп болған жағдайда, кепілге мүлік қоюды талап етпей, қарызды бөліп төлеуге мүмкіндік берген жөн. Жоспарға сай тексеру тәсілінен біржола бас тартуға тырысу керек. Ол үшін қатерлердің алдын алу жүйесін жетілдіру қажет», - деді Президент.

Оқи отырыңыз: Бюджет қаражатын оңды-солды шашуды доғару керек – Мемлекет басшысы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров

Janalyqtar tizbegi

След. →
Прямой эфир