|
01.09.2022 | 12:49
413

Мемлекет басшысы: Біздің алдымызда айрықша міндет тұр

Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында айтты

Мемлекет басшысы: Біздің алдымызда айрықша міндет тұр Фото:t.me/bort_01

Жалпыұлттық ынтымақты және билік пен қоғамның серіктестігін нығайта береміз. Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жолдауында айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

«Саяси реформалар «Күшті Президент – ықпалды Парламент – есеп беретін Үкімет» формуласымен жүзеге асырылып жатыр. Бұл тұжырым – қоғамымыздың мызғымас тұғыры. Реформалардың мазмұны жан-жақты толыға бермек. Жалпыұлттық ынтымақты және билік пен қоғамның серіктестігін нығайта береміз.

«Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидасын ұстану аса маңызды. Біз қоғамға іріткі салуды емес, елді ізгі мақсатқа жұмылдыруды ойлауымыз керек. Әділетті Қазақстан идеясының түпкі мәні – осы.

Біздің алдымызда айрықша міндет тұр. Бұл – еліміздің егемендігін және жеріміздің тұтастығын сақтап қалу», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.

MAQALADA

жолдау
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир