Сарапшылар АЭС салудың артықшылығына тоқталды
«Экологиялық ахуалды жақсарту – алдымызда тұрған негізгі міндеттің бірі». Мемлекет басшысы Жолдауында халықты қоршаған орта факторларының жағымсыз әсерінен сақтау керек екенін сөз етіп, түйткілді шешу мақсатында озық технологияларды енгізуді тапсырды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Сала мамандары да экологияны ластанудан сақтап, ахуалды ауыздықтау үшін жүйелі мониторинг жасаудың маңызын тілге тиек етті. Сондай-ақ сарапшылар АЭС салудың артықшылығына тоқталды.
– Экологиялық тұрғыдан баға беретін болсақ, АЭС Қазақстанда ғана салынбайды. Жиырма екі мемлекетте бар. Экологиялық тұрғыдан мемлекет халыққа оңтайлы жағдайды қарастырады деп ойлаймын. Экологиялық бағытты дамытуда Қазақстанда көп жоба іске асып жатыр. Биылғы «Таза Қазақстан», «Жасыл Қазақстан» акциялары бар. Жобалардың түпкі мақсаты – экологияны жақсарту, – деді Абай атындағы ҚазҰПУ тәрбие, әлеуметтік және жастар саясаты департаментінің директоры Дидарбек Ділдәбек.
Президенттің Жолдауында айтылған тағы бір елеулі мәселе – елімізді көгалдандыру һәм абаттандыру. Осы тұста еліміздің әр өңірінде ұйымдастырылған «Таза Қазақстан» акциясының ұлт мәдениеті мен әлеуетін арттырудағы маңызын Жолдауында назарға алған Мемлекет басшысы, бастаманың жалғасын табуы керек екенін ашып айтты. Әр сала мамандары игі науқанның артықшылығы мен экологияға тигізген орасан пайдасы жайлы сөз қозғады.
– Елдің, ауаның, айналаның тазалығы бәрімізге бірдей әсер етеді. Сондықтан 3 миллиондай адам экологияның тазалығына үлес қосып, акция жасалды. Науқан тоқтап қалмауы керек. Әр адам экологиядағы тазалықты өз бойынан іздеуі керек, – деді М. О. Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының жетекші ғылыми қызметкері Ерқанат Қуатбекұлы.
Оқи отырыңыз: АЭС: жалпыхалықтық референдум өткізуге қазынадан 15,5 млрд теңге бөлінді