АЭС: жалпыхалықтық референдум өткізуге қазынадан 15,5 млрд теңге бөлінді

Сгенерировано ИИ
Сгенерировано ИИ

Республика бойынша 10 мың 327 дауыс беру учаскесі ұйымдастырылады

Жаңалықтармен бөлісіңіз

Елімізде АЭС салу бойынша референдум өткізуге қазынадан 15,5 миллиард теңге бөлінді, деп хабарлайды Almaty.tv.

Бүгін Орталық сайлау комиссиясы жалпыхалықтық дауыс беруді ұйымдастыруға қатысты алғашқы отырысын өткізді. Дайындықтың күнтізбелік жоспары бекітілді. 12 қыркүйекке дейін аумақтық және учаскелік комиссиялардың құрамы мен дауыс беру учаскелері туралы ақпарат жарияланады. Ал 15 қыркүйекте сайлаушылар тізімі жасақталады. 3-5 қазан аралығында бюллетеньдер учаскелерге үлестіріледі.

Айта кетейік, республика бойынша 10 мың 327 дауыс беру учаскесі ұйымдастырылады.

– Бәріңізге белгілі, жалпыхалықтық референдум 6-қазанда өтеді. Конституциялық заңға сәйкес, Орталық референдум комиссиясы шығындардың болжамды сметасын әзірлеп, Үкіметтің қарауына ұсынады. Біз Президенттің Жарлығы жарияланғаннан кейін, есеп-қисап жүргіздік. Дайындыққа 35 күн беріледі. Сайлаушылар тізімін түгендеу басталды  және алдағы уақытта тұрғындар дауыс беретін учаскелер бойынша ақпарат беріледі, – деді ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров.

Оқи отырыңыз: АЭС құрылысы бойынша референдум 6 қазанда өтеді

 

 

Новости партнеров