Жатақхана мәселесі қалай шешіледі - алматылық проректор Президент Жолдауы жайында

aikyn.kz
aikyn.kz
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Парламент палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына Жолдауы халық арасында қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Almaty.tv.

Абай атындағы ҚазҰПУ проректоры Ақтолқын Құлсариева Жолдауда білімге, ғылымға қатысты айтылған мәселелер өте орынды деп есептейді. Соның ішінде Президенттің жатақхана мәселесін шешуді ұсынуы өте маңызды.

"Педагогикалық жоғары оқу орындарының аккредитациясының жаңа стандартының болуы да бізге үлкен жауапкершілік жүктейді деп білемін. Және де студенттердің 80-90 пайызы ауылдық жерлерден келетін, шалғай аудандардан келетін. Жоғарғы оқу орны ретінде жатақхана мәселесі де біздің шешілмей жүрген мәселелердің бірі болғандықтан, мемлекет пен жеке кәсіпкерліктің бірлесе отырып, осы мәселені шешуін ұсынуы да өте маңызды. Жаңа экономикалық саясат та көптеген бөліктерден тұрады. Бірақ ең басты айтайын дегенім осылар", - деді ол.

Новости партнеров