|
01.09.2021 | 15:37
3222

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ж. Түймебаев Жолдау жайында – Педагогтар қауымы үшін үлкен қуаныш

Бұл бізге үлкен жауапкершілік жүктейді

Мұғалімдер қауымы үшін үлкен қуаныш. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ж. Түймебаев Президент Жолдауы жайында пікірін бөлісті. Оның сөзінше, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы ерекше кезеңде өтіп отыр.

«ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы ерекше кезеңде өтіп отыр. Пандемия және Президенттің Жарлығымен 1 қыркүйекте офлайн оқу басталды. Бұл бізге үлкен жауапкершілік жүктейді. Осы орайда Жолдауда айтылған білім және ғылым мәселелері өте өзекті екенін айтқым келеді. Оның ішінде педагог қызметкерлерінің айлығын көтеруге байланысты арнайы қосымша қаражат бөлінуі – мұғалімдер қауымы үшін үлкен қуаныш. Екіншіден, ғылымға бөлінген грант мәселесі. Бұрын грант мерзімі 3 жыл, уақыты аз болатын, енді оны 5 жылға созды. Бұл біздің ғалымдар үшін өте қуанышты жағдай», – деді Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ ректоры Ж. Түймебаев.  

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир