Биылғы Жолдау азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған – Ахан Бижанов

Биылғы Жолдау азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған – Ахан Бижанов
Шара соңында бірқатар қаулылар қабылданды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Биыл 22 қыркүйекте Алматы қалалық ардагерлер кеңесі президиумының кеңейтілген отырысы өтіп, онда «Еліміздің Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» атты Қазақстан халқына Жолдауын іске асырудағы қалалық ардагерлер кеңесінің міндеттері туралы», «Әуезов аудандық ардагерлер кеңесінің «Аманат» партиясы қалалық филиалымен бірлескен жұмысы туралы» мәселелер қаралды, сонымен қатар Қалалық ардагерлер кеңесі Президиумының Үндеуі қабылданды, деп хабарлайды Almaty.tv.

ҚР Президентінің Жолдауын жүзеге асыру шаралары туралы баяндамасында:

«Биылғы Жолдау азаматтардың өмір сүру деңгейін арттыруға бағытталған. Ең төменгі базалық зейнетақы мөлшерлемесін ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ға, ең жоғары деңгейін 120%-ға дейін өсіру сияқты шаралар, сондай-ақ Мемлекет басшысының отбасын қолдауға бағытталған жаңа «Ұлттық қор  - балаларға» бағдарламасын дайындау туралы бастамасы қала ардагерлер қауымының мақұлдауы мен қолдауына ие болды», – деді қалалық Ардагерлер кеңесінің төрағасы Ахан Бижанов

ҚР Президентінің Жолдауын қолдап, Наурызбай және Түрксіб аудандық ардагерлер кеңесінің төрағалары Мәдениет Қаркенов пен Ғалия Байғұтдинова, «Шаңырақ» әлеуметтік қызмет көрсету орталығының директоры Тұрарбек Тұманшиев сөз сөйледі.

Алматы қалалық ардагерлер кеңесі президиумының мүшелері 230 мың ардагердің атынан қазақстандықтар мен қала тұрғындарына Республика Президентінің Қазақстандағы қайта құру процесінің маңызды кезеңіне айналатын бастамаларын және алдағы кезектен тыс сайлауды қолдау туралы үндеу жолдауға бірауыздан шешім қабылдады.

Жиын аясында Әуезов аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы Бәтима Ибраеваның аудандық ардагерлер кеңесінің «Аманат» партиясының аудандық филиалымен бірлескен жұмысы туралы есебі тыңдалды.

«Аманат» партиясы Әуезов аудандық филиалының жауапты хатшысы Нәйлә Ордабаева, Жетісу аудандық ардагерлер кеңесінің төрайымы Тамара Шәкірова, Алматы қаласы мәслихатының депутаты Ерболат Қасымов және Әуезов аудандық «Белсенді ұзақ өмір сүру» орталығының директоры Мейрамгүл Рысбекова да сөз сөйледі.

Шара соңында бірқатар қаулылар қабылданды.

Новости партнеров