|
01.09.2022 | 19:24
986

Мемлекетте қоғамдық келісім бар жерде тұрақтылық орнайды – Жақыпбек Алтаев

Әйелдердің зейнет жасының азаюы қоғамда қызу талқыға түсіп жатыр

Мемлекетте қоғамдық келісім бар жерде тұрақтылық орнайды – Жақыпбек Алтаев Almaty.tv

Тегін техникалық және кәсіптік білім берудің келешегі зор. Елімізде бұл жоба ары қарай дами бермек. Бүгін Жолдауда білім саласына арнайы тоқталған Президент көптеген тың ұсыныстар айтты, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі.

Белгілі болғандай, Қазақстанда оқу да оқымайтын, жұмыс та істемейтін 237 мың жас бар. Ал жыл сайын мектеп бітірген 50 мың түлек оқуға ақылы негізде түседі. Олардың 85 пайызы тұрмысы төмен отбасынан шыққан балалар. Сондықтан ЖОО жанынан әлеуметтік осал топқа грантқа түсіп, шәкіртақы алуға мүмкіндік беретін қор жұмысын жалғастырмақ.  

«Біздің университетте «Эндаунмент» қоры бар. Бұл жүйе қаражатты ашық әрі нақты мақсатқа жұмсауға мүмкіндік береді. Түлектердің жиғаны бірінші кезекте тұрмысы төмен және ата-анасынан айырылған балаларға грант бөліп, шәкіртақы алуға көмектеседі. Бізде жыл сайын осылайша 40-қа жуық бала тегін білім алады», – деді Алматы энергетика және байланыс университетінің ректоры Сәуле Сағынтаева.

«Студенттердің еркіндігіне мүмкіндік беру. Биыл Үкімет техника мамандығына көңіл бөліп отыр. Осы саясаты нәтижесінде техникалық мамандықты таңдаған студенттер қатары жылдан жылға өсіп келеді. Бұл студенттердің өз қалауы бойынша сапалы білім алуына мүмкіндік ашады», – деді Алматы энергетика және байланыс университетінің кафедра меңгерушісі Болат Қабдөшов.

«Саяси науқандар мен өзгерістерді алдын ала айту, халыққа барынша ашық болу – әділетті Қазақстан принципіне келеді». Қазақ Ұлттық университетінде студенттермен бірге Жолдауды тыңдаған саясаттанушылар осындай пікірде. Әсіресе аяқасты кезектен тыс ұйымдастырыла салатын сайлаулар жойылмақ. Бұл өзге де партиялардың науқанға дайындалуына, жаңа күш жинап, бағдарламаларын таныстыруына мүмкіндік береді дейді ғалымдар.

«Үкімет құрылатын кезде басқа да саяси партиялар министрлік кабинетінде болуға мүмкіндік алады. Бұл өте жақсы нәрсе. Себебі осыған дейін бізде бір партияның негізінде ғана министрлер кабинеті жасақталды. Мұның бір кемшілігі, жауапкершілігі бір партия алғаннан кейін басқа да саяси күштердің мүддесі ескерілмей қалады әрі жауапкершіліктен олар құтылады», – деді саясаттанушы Руслан Ақмағанбетов.

Ал дұрыс қоғам орнату үшін алдымен заң мен тәртіпті түзеген абзал. Бұл ретте әділін айтар қазылардың мәртебесін теңестіруге көп көңіл бөлінбек. Адал әрі жемқорлықтан ада қазыларды жасақтау үшін Жоғары сот судьяларын да сайлау арқылы таңдайтын тәсіл енгілмек.

«Мемлекетте қоғамдық келісім бар жерде қашан да мемлекетте тұрақтылық бар. Себебі судьялардың әділ болуы. Яғни олар өзінен билігі жоғары адамдарға тәуелді болмауы, таза әділ жұмыс істеуі», – деді философия ғылымдарының докторы, профессор Жақыпбек Алтаев.

Бұдан бөлек әйелдердің зейнет жасының азаюы қоғамда қызу талқыға түсіп жатыр.

«61 жастың өзі де әлі төмен түсірсе болады деп ойлаймын. Егер де  ол жаста өзінің күш-қуаты болып жатса бізде ондай қатты шектеулер жоқ қой. Сондықтан мен әйел азаматтарының отбасында да жасайтын жұмысы көп. 58 жаста шығырап жатса да ол артық емес», – деді  әл-Фараби атындағы ҚАЗҰУ профессоры Қарлығаш Борбасова.

Назкен Еркін, Жадыра Омаржан, Сағындық Нарықов, Медет Саматұлы,  «Алматы» телеарнасы

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир