|
06.09.2022 | 19:56
580

Жолдау – күрмеуі күрделі мәселелерді көтерген құжат

Ұжым әр бөлімін талдап шыққан

Жолдау – күрмеуі күрделі мәселелерді көтерген құжат Almaty.tv

«Жолдау – күрмеуі күрделі мәселелерді көтерген құжат. Биік деңгейде талданып, алдымызға шешім қойды» деді аграрлық университеттің ұжымы, деп хабарлайды Almaty.tv.

Айтуларынша, ЖОО студенттері мен оқытушы құрам маңызды құжатқа аса жауапкершілікпен қарайды. Сондықтан, жолдаудың әр бөлімін талдап шыққан. Олар құжат бір мезеттік емес, стратегиялық маңызы бар болғандықтан жұмыла орындауға ниетті.

«Құжатты жүзеге асыратын бір-ақ ғана механизм бар. Ол адамдардың ынта-жігері, қызығушылығы, адалдығы. Басқа жол жоқ. Қазір шетелдік университеттермен байланысып, Нидерланды университетінің осындағы филиалын ашты. Шетелдік ғалымдар да келіп жатыр. Ұстаздар келіп жатыр. Демек біз бұрынғы темір перденің ар жағында, бер жағында қалған емеспіз», – деді тарихшы Хангелді Әбжанов.

Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир