Үйінді астында қалды: Шымкентте күзет күшейтілді

elements.envato.com
elements.envato.com
Мәдениет үйінің төбесі опырылып, студент қайтыс болды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Шымкенттегі «Фосфоршылар» сарайындағы қайғылы жағдайдан кейін күзет күшейді. Осылай деп хабарлаған қала әкімі ғимаратты күндіз-түні патруль полициясы бақылауға алғанын айтты, деп хабарлайды Almaty.tv.

Еске салайық, кеше кешкісін шаһардағы Мәдениет үйінің төбесі опырылып, ішінде жүрген студент қайтыс болған еді. Тағы екі азамат апаттан қашып құтылған.

– Құтқарушылар көмегімен 2005 жылғы баланың денесі шығарылды. Біздің болжамымыз бойынша олар видео түсіріп жатқанда төбе опырылып түскен. Оқиға орнында 23 құтқарушы, 9 техника мен 2 кинолог жұмыс істеді, – деді Шымкент қаласы ТЖД өкілі Асқар Шәріп.

Алдын ала болжам бойынша, қаңырап бос тұрған ғимаратқа жігіттер видео түсіру үшін келіпті. Олар екінші қабатқа көтеріліп бара жатқанда төбе опырылып құлаған.

Айта кету керек, тастанды сарайда бұған дейін кино мен бейнебаян түсірілген еді. 60 жыл бұрын іргетасы қаланған ғимарат әуелі жеке меншікте болып, биыл 13 қарашада ғана Шымкент қаласы әкімдігіне берілген. Полиция бақылауында болған сарайға балалардың қалай кіріп кеткені белгісіз.

Оқи отырыңыз: Балам кісі өлтірген жоқ: күдікке ілінген жасөспірімге қатысты сот отырысы өтті

Новости партнеров