Балам кісі өлтірген жоқ: күдікке ілінген жасөспірімге қатысты сот отырысы өтті

Almaty.tv
Almaty.tv
Сот отырысында маңызды айғақ табылған
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Алматыда жаппай төбелесте адам өлтірді деген күдікке ілінген жасөспірімге қатысты кезекті сот отырысы өтті, деп хабарлайды Almaty.tv.

Оған қатарласын суық қарумен жазым қылды деп айып тағылған еді. Алайда оның қанды қылмысқа қатысы бар екенін дәлелдейтін нақты айғақ жоқ. Ал алаңдаулы ата-ана балам жазықсыз жаза арқалай ма деп соттан әділ шешім сұрап отыр. Олар жаппай төбелесте қалай ұлының күдіктіге, ал жолдастарының куәгерге айналып кеткенін түсінбей дал.  

– Бәрін бір-ақ қамау керек еді. Менің балам ғана төбелескен жоқ. Баламды  сүттен ақ, судан таза деп отырған жоқпын. Иә, төбелескені рас. Бірақ менің балам өлтірген жоқ. Маған әділдік керек. Басқа ештеңе керек емес. Жазасын алса, төбелескені үшін алсын, – деді күдіктінің әкесі Әнуарбек Иманбеков.

Өткен сот отырысында тағы бір маңызды айғақ табылған еді. Куәгерлердің бірі кінәлінің өзге жігіт екенін айтып аудио жазған. Судья аталған материалды «келесі сот отырысында тыңдаймыз» деген тоқтамға келген. Алайда куәгер бүгін келмеді. Сондықтан, келесі сот отырысы 25 желтоқсанға қалдырылды.

– Біз әділдік орнағанын қалаймыз. Кінәлі адамды тауып, қатаң жазалау керек. Ал қазір күдікке ілінген жігітті кінәлі деп айта алмаймыз. Сот процесі 4 айға созылды. Әділ шешімі шығады деп күтіп отырмыз. Бұл – қоғамда резонанс тудырған жағдай, – деді жәбірленушінің адвокаты Ильхам Тагиев.
Оқи отырыңыздар: Жүргіншіге жол бер: Сергек камерасында жаңа функция пайда болды

Новости партнеров