|
26.02.2019 | 00:09
1977

Мәскеуде оқып жатқан қазақстандық жас химик жатақханада асылып қалды

23 жастағы Темірлан бөлмесіндегі есіктің тұтқасына галстукты байлап, асылып қалған

Мәскеуде оқып жатқан қазақстандық жас химик жатақханада асылып қалды stan.kz

Мәскеу мемлекеттік университетінде 5-курста оқып жатқан қазақстандық студент жатақханадағы өзінің бөлмесінде асылып қалған. Бұл туралы Mash Telegram-арнасына сілтеме жасап Stan.kz хабарлайды.

Хабарланғандай, 23 жастағы Темірлан бөлмесіндегі есіктің тұтқасына галстукты байлап, өзіне қол жұмсаған. Оқиға орнына келген дәрігерлер оның өмірін құтқара алмады.

Mash мәліметінше, жас жігіт Мәскеуге Қазақстаннан келген. Жас студентті академиялық ортада жақсы таныған. Ол бірнеше пәндік олимпиадада жүлдегер атанып, 2014 жылы Халықаралық Менделеев олимпиадасында жеңіске жеткен.

Басылым Темірланды «данышпан химик» деп атайды. Хабарланғандай, ол студенттерге емтиханға дайындалуға көмектескен. Сонымен қатар, қазақстандық жігіт студенттік форумдарда танымал тұлғалардың бірі болған.

Сондай-ақ, басылым жас жігіттің YouTube-те өз блогын жүргізіп, химиялық тәжірибелер жасап жүргенін жазады.

«Москва» ҚЖА мәліметінше, факультеттің баспасөз қызметінің басшысы Сергей Ивашко студенттің өлімін растады. Алайда жас жігіт туралы мәліметтерді мәлімдеуден бас тартты.


Біздің Telegram каналына жазылып, соңғы ақпаратты оқыңыз. Егер хабарлама жолдағыңыз келсе, WhatsApp мессенжеріне жазыңыз.
Новости партнеров
След. →
Прямой эфир