Олар Қаскелең қаласының 1998 және 1999 жылдары туған тұрғындары болып шықты
Алматы облысының полицейлері банкоматтан ақша ұрлаған күдіктілерді қолға түсірді, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
14 тамызда сағат 13:42-де Қарасай ауданының полиция бөліміне 1988 жылы туған А. есімді азаматша сағат 08:00 шамасында Алмалыбақ ауылында орналасқан банкоматтан бейтаныс адамдар медициналық маскамен 12 миллион 882 мың теңге көлемінде ақша ұрлағаны туралы арыз түсірді.
ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы 4-бөлігі бойынша аудандық полицияда тіркелді. А. есімді екі күдікті ұсталды. Олар Қаскелең қаласының 1998 және 1999 жылдары туған тұрғындары болып шықты.
Олар уақытша ұстау изоляторына қамалды. Тергеу барысында ұрланған ақша түріндегі заттай дәлелдемелер алынып, іс материалдарына қоса тіркелді.
Қазіргі уақытта сараптамалық тексерулер тағайындалып, қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Күдіктілердің басқа да осындай қылмыстарға қатысы бар-жоғы да тексеріледі.
Оқи отырыңыз: Арыста 2 адамды атып өлтірген күдіктілер қолға түсті