Арыста 2 адамды атып өлтірген күдіктілер қолға түсті

Almaty.tv
Almaty.tv
5 тамызда Арыс қаласында 4 жігітті мотоцикл мінген екеу келіп, атып кеткен
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Арыста 2 адамды атып өлтірген күдіктілер қолға түсті. Тапсырыс беруші мен оны орындаған 2 жігіт араға бір апта салып Түркістан облысында ұсталды, деп хабарлайды Almaty.tv.

Күдіктілер атыстың қалай болғанын оқиға орнына барып, баяндап берді. Белгілі болғандай, күдіктілердің қолында «Сайга» қаруы мен тегіс ұңғылы 12 калибрлі шолақ мылтық болған екен. Қазір оларға қатысты адам өлтіру бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

– ІІМ және Түркістан облысының ПД бастығының тапсырмасы бойынша оқиғаға байланысты арнайы жедел тергеу тобы құрылды. Олар күдіктілерді анықтап ұстау үшін қажетті жоспар құрып, мұқият орындап шықты. Соның нәтижесінде Арыс қаласының тұрғындары - 3 күдікті де ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды, – деді ПД бастығының орынбасары Құрманбек Сахов.

Еске салайық, 5 тамызда Арыс қаласында үй алдында қарбыз жеп отырған 4 жігітті мотоцикл мінген екеу келіп, атып кеткен еді. Соның салдарынан 23 жастағы жігіт пен 36 жастағы ер адам тілге келместен жан тапсырған. Ал үй иесінің сыныптастары ауыр жарақатпен ауруханаға жеткізілген болатын. Осы жағдайдан кейін Арыс қаласында күзет күшейтіліп, күдіктілерді ұстау шарасы басталған еді.

Оқи отырыңыз: Алтын орда базарында тағы дау шықты

Новости партнеров