Түркістандағы жарылыс: төрт өрт сөндіруші зардап шекті

Фото: комитет по ЧС МВД РК
Фото: комитет по ЧС МВД РК
Өртті сөндіруге Түркістан облысы ТЖД жеке құрамынан 70 адам және 14 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Түркістан газ толтырылған автоцистернаның жарылуының салдарынан төрт адам зардап шекті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі ТЖК-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.  

«Жарылыс салдарынан қалалық орталық ауруханаға өрт сөндіру қызметінің төрт қызметкері жеткізілді. Олардың бірінің бұғанасы сынған. Үшеуі термиялық күйік алған. Қызметкерлердің жағдайы орташа ауыр», - делінеді хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, 10 қыркүйек күні сағат 19.00 шамасында Саттарханов көшесіндегі Royal Grand Hotel қонақ үйінің аумағында газ баллондар тиелген ЗИЛ автокөлігі өртенді. Кейін жарылыс салдарынан от қонақ үйдің шатырына 1400 шаршы метр алдын ала алаңға тарады.                            

ТЖК мәліметі бойынша, өртті сөндіруге Түркістан облысы ТЖД жеке құрамынан 70 адам және 14 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінде айтылғандай жарылыс 3 тонна газды цистернаға құйып жатқанда болған.


Новости партнеров