Атырауда жолаушылар автобусы жанып кетті
inform.kz
Өрттен қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Атырау қаласында тағы бір жолаушылар автобусы жанып кетті, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Оқиға 22 қараша күні сағат 17:30-да орын алған.
«Атырау қаласының «Жұлдыз» шағынауданындағы Аюпов көшесінде орналасқан жеке тұрғын үйдің жанында автобустан өрт шыққан. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер «Setra» маркалы жолаушылар автобусының толықтай жанып кеткенін анықтады. Жалын сағат 17:54-те ауыздықталып, сағат 17:59-да сөндірілді. Оған департаменттің 6 қызметкері мен 2 көлік жұмылдырылды» – делінген хабарламада.
Өрттен қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Жалын көліктегі электр сымдарының қысқа тұйықталуы салдарынан тұтанған.
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
01.11.2026 14:14
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
01.11.2026 09:15
Эмоцияңызды бақылауда ұстаңыз: 31 қазанға арналған жұлдыз-жорамал
31.10.2026 09:54
Суды дұрыс ішу ережелері қандай
01.11.2026 16:36
Қарашада қай жұлдыз белгілерінің қаржылық жағдайы жақсарады
01.11.2026 12:33