Балқаш маңынан 19 жастағы қыздың денесі табылды

© Sputnik / Табылды Кадырбеков
© Sputnik / Табылды Кадырбеков
Ол екі күн бұрын үйінен шығып қайта оралмаған Балқаш қаласының тұрғыны болып шықты
Жаңалықтармен бөлісіңіз


Қарағанды облысында із-түзсіз жоғалған 19 жастағы қыздың мәйіті табылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі Sputnik сайтына сілтеме жасап.

Ол 2 қарашада үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған. Анасы сол күні полицияға арызданып, іздестіру жұмыстары басталған болатын.

Оны іздестіруге еріктілер де жұмылдырылды.

"2 қарашада Балқаш қаласы полициясының кезекші бөліміне 55 жастағы қала тұрғынынан өтініш келіп түсті. Ол 19 жастағы қызының үйге оралмағанын хабарлаған. Сол күні полицияның бүкіл жеке құрамы қызды іздеуге жұмылдырылды", – деп хабарлады облыстық полиция департаменті.

3 қараша күні іздеу жұмыстары кезінде Балқаш көлінің маңынан 19 жастағы қыздың мәйіті табылды. Оның денесінде көзге көрінетін азаптау белгілері жоқ. Алдын ала болжам бойынша оның өліміне ағзаның аязға үсуі себеп болған.

Қазіргі күні сараптама тағайындалды, өлім себебі анықталып жатыр.


Новости партнеров