Жамбылдықтар заңсыз сақталған 54 қаруды полицияға тапсырды

sgpress.ru
sgpress.ru
Тапсырылған қару-жарақтың ішінде 4 кесілген және 40 тегіс ұңғылы мылтық бар
Жаңалықтармен бөлісіңіз

Жамбыл облысында полиция қызметкерлеріне заңсыз сақталған 54 дана қару тапсырылды, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Бұл жұмыстар қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және атыс қаруын, оқ-дәрілерді және жарылғыш заттарды қолдануға байланысты қылмыстардың алдын алуға бағытталған акция аясында жүзеге асқан. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Тіркелмеген қаруды өз еркімен тапсыру науқаны басталғаннан бері Жамбыл облысының 27 тұрғыны полицияға жүгініп, олар құны 3 миллион теңгеден асатын 54 қаруды тапсырған. Тапсырылған қару-жарақтың ішінде 4 кесілген және 40 тегіс ұңғылы мылтық бар. Заңсыз сақталған қарудың басым бөлігі облыс тұрғындарына ата-бабасынан мұраға қалған және үйлерінде кәдесый ретінде сақталған бұйымдар»,– делінген ведомство хабарламасында.

Айта кетейік, заңсыз сақталған қару-жарақты сатып алуға арналған акцияға қатысты барлық мәселе бойынша облыс тұрғындары 8 (7262) 99-78-04 немесе «102» телефондарына хабарласа алады.

Новости партнеров