Қостанай облысында бір тәулікте үш көлік өртенді
elements.envato.com
Құтқарушылардың күшімен өрттің басқа автомобильдерге таралуына жол берілмеді
Жаңалықтармен бөлісіңіз
Қостанай облысында бір тәулікте үш көлік өртенді, деп хабарлайды Almaty.tv.
ТЖМ мәліметінше, кеше өңірде үш жеңіл көліктің жанып кеткен.
Бірінші оқиға Қостанай қаласындағы гараж кооперативінің аумағында болды. Құтқарушылардың күшімен өрттің басқа автомобильдерге таралуына жол берілмеді.
Екінші оқиға Арқалықта болды. Құтқарушылар өртті шақырылған сәттен бастап 14 минут ішінде сөндірді.
Түнде Меңдіқара ауданы Боровское ауылынан 15 шақырым жерде Республикалық маңызы бар «Қостанай-Мамлютка» тасжолында автокөлік өртенді.
Өрт сөндірушілер оқиға туралы хабарланған сәттен бастап 28 минут ішінде өртті жойды.
Оқи отырыңыз: Алматы тауларына қар түсті
Біздің Telegram каналымызға жазылыңыз, жаңа басылымдарды жіберіп алмау үшін
Көп оқылған
Қазақстандықтар қараша айында қалай демалады
03.11.2026 12:40
Алматыда 2-8 қараша аралығында ауа райы қандай болады
03.11.2026 08:11
SU LAB Street: Алматыда жаңа ғылыми зертханалар көшесі ашылды
02.11.2026 13:10